«Жас Ұлан» аға тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушлардың бастамаларын марапаттады

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 16.11.2017 20:43
Инициативы вожатых и педагогов-организаторов поощряет «Жас Ұлан» Инициативы вожатых и педагогов-организаторов поощряет «Жас Ұлан»
Инициативы вожатых и педагогов-организаторов поощряет «Жас Ұлан» Инициативы вожатых и педагогов-организаторов поощряет «Жас Ұлан»

М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының әдіскерлері Оксана Петрович, Бахыт Беккожина, Айжан Оразбаева және Варвара Даирбаева аға тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушылар арасында өткен республикалық қашықтан конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш байқауды азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Балалар және білім беру, қол бос болушылық және мәдени мерекелер» атты грантының аясында  «Жас Ұлан» біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысқан үшін облыстық Оқушылар сарайының әдіскері, Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Петрович Оксана Владиславовна арнайы сыйлықпен марапатталды. Оқушылар сарайының басқа әдіскерлері байқауға қатысқан үшін сертификаттарға ие болды. Жеңіске жеткен ең үздік жұмыстар аға тәлімгерлер мен педагог - ұйымдастырушыларға арналған жинаққа енгізіліп, сонымен қатар жуық арада zhasulan.kz. сайтында жарияланады. Ережеге сәйкес болған жұмыстар сайттың «Аға тәлімгердің жинағы» атты бөлімінде жарияланады. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қазан айына дейін өтініштер қабылданып, байқаудың жұмыстары қарастырылды. Қазақстанның 12 аймағынан 77 өтініш қабылданды.

Оның ішінде Оқушылар сарайынан басқа Павлодарлық тәлімгерлер Ассоциациясынан өңіріміздің №№17,40 жалпы білім беру мектептерінің тәлімгерлері Арайлым Айбекова, Надежда Маракина, және Лебяжі жалпы білім беру мектебінің тәлімгері Гульбайрам Жиеналина өтініш білдірген еді.