Зор болашағы бар кішкентай өнертапқыштар

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 13.04.2018 10:08
Маленькие изобретения с большим будущим Маленькие изобретения с большим будущим
Маленькие изобретения с большим будущим Маленькие изобретения с большим будущим

М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Павлодар қаласының мектеп көшбасшылар комитетінің бастамасымен «Мои маленькие изобретения» атты қалалық көшбасшылар жобаларының финалы өтті.

Маленькие изобретения с большим будущим Маленькие изобретения с большим будущим
Маленькие изобретения с большим будущим Маленькие изобретения с большим будущим

Аталмыш жоба бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және модельдеу туралы білімдерін толықтыруға бағытталыған. Байқаудың финалына іріктеу кезеңінің 23 жеңімпаздары қатысты. Бұл дода Павлодар қаласының №№ 6, 13, 9, 14, 22, 25, 28 ЖОМ-де өткен болатын. Финалға шыққан барлық үміткерлерді ата-аналары, сыныптастары мен аға тәлімгерлері қолдау көрсетті. Финалдық кезеңнің қатысушылары 30 минут ішінде еркін тақырыпқа «Lego» конструкторынан жұмыстар жасады. Қатысушылар сайыстың қорғау бөліміне дайындаған кезде көшбасшы-ұйымдастырушылар және ересектерде қатысты. Өз жұмыстарын қорғаған кезде балалар конструкторларының бірізділіктерін айтып өтті. Қазылар алқасы («Жасыл ел» қалалық штабының командирі Уахит Абай, интер-дизайн-клубтың директоры Галина Афанасьева) жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынға № 13 ЖОМ-тің оқушылары Юрий Беккер және №14 ЖОМ-тің оқушысы Елизар Новосёлов лайықты болды. Екінші орынды № 14 мектептің оқушысы Руслан Никитин және № 25 мектептің оқушысы Әмірәлі Тоқтар, № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы Расул Нигмат және №13 мектептің оқушысы Георгий Генералов бөліп алды. 3 орын үшін мақтау қағаздарымен Алихан Танат (№ 22 мектеп), Арсентий Дроздов (№ 6 мектеп), Никита Кузьмицкий (№ 28 мектеп), Анастасия Симоненко (№ 9 мектеп-гимназиясы) марапатталды. Басқа да қатысқан оқушылар номинациялар бойынша дипломдарға ие болды.

Бұл жобаны мектеп комитетінің келесі ұланбасылары ойлап тауып іске асырған болатын. Олар: Никита Яковлев (№ 9 меткп-гимназиясы), Айым Гайноллинова және Али Сарсебек (№ 22 мектеп), Руслан Леликов (№ 15 мектеп), Карина Файрузова (№ 13 мектеп), Жанар Егизбаева (№ 14 мектеп), Милена Блинникова (№ 21 мектеп) және Оқушылар сарайының көшбасшы клубының белсенділері.