«Сүйем сені, туған қалам»

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 24.04.2018 19:24
«Город, на другие непохожий…» «Город, на другие непохожий…»
«Город, на другие непохожий…» «Город, на другие непохожий…»

Ағымдағы жылдың сәуір айында Павлодар облысының біріңғай балалар-жасөспірімдер «Жас Ұлан» ұйымы облыстық штабы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және «Ашық алаң «Эфирде Жас Ұлан» атты кешендік іс-шаралар аясында бірқатар мерекелерді өткізді.

«Астана – әсем қала» атты викторинасын Астана қаласының 20-жылдығына, ал «Туған жерім – Павлодар» атты өлкетану марафоның Павлодар облысының 80-жылдығына арнады. Аталмыш шаралар туған өлке туралы білімдерін дамыту, патриотизмдерін ояту, өз жері мен еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру үшін өткізілді. Оқушылар сарайының әдіскерлері – бұл өткізіп отырған жобалар оқушылардың елордамыз - Астана қаласына мақтаныш сезімдерін туызып, сонымен қатар туған қаласы Павлодар Ертіс өңіріне мол махаббаттарын арттырады. Бұл шараға Павлодар қаласы мектептерінен 39 педагог және 229 оқушы қатысқан болатын.