Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» экспресс-лагері өз жұмысын бастады

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 15.06.2018 22:26
Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» экспресс-лагері  өз жұмысын бастады Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» экспресс-лагері өз жұмысын бастады
Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» экспресс-лагері  өз жұмысын бастады Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» экспресс-лагері өз жұмысын бастады

2018 жылдың маусым айында қаламыздың мектеп алды лагерлері үшін Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» дәстүрлі экспресс-лагері жұмыс жасады. Оқушылар сарайының әдістемелік бөлім бастамасымен шығармашылық алаңдар, экскурссиялар және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Павлодар мектептерімен қоса, 4 ауылдық мектептер де бұл жазғы лагерге қатысты. Лагердің бағдарламасында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Палитра», «Сыр сандык» және «Аквагрим» студиялары жұмыс жасап, оқушыларға қызықты шеберлік –сабақтар дайындалды. Ал оқушыларды қызықтырған Сарайымыздың астрономиялық бөлімі болған еді. Лагерге келген балалар «Жарық жұлдыз» атты танымдық бағдарламаны бар ынталарымен қабылдап, обсерваторияны аралап, планетариде ғарыш туралы фильдерді тамашалады. Орыс тілінде сахналанған «Рыжий, честный, влюбленный» және «Кошкин дом» атты спектакльдер өте қызықты өтіп, оқушылардың көңілдерінен шықты.

Биылғы «Балалр әлемі» жазғы дәстүрлі лагерінде қаламыздың 28 мектебінен, 2844 бала қамтылды.