![]() |
![]() |
2018 жылдың 27 қыркүйекте «Павлодар облысының білім беру кешенінде балалар қоғамдық қозғалысын дамыту перспективалары» атты облыстық семинар өтті. Үйлестірушілер, әдіскекрлер, аға тәлімгерлер 2018-2019 оқу жылына арналған облыстық штабтың жобалық және сайыстық қызметімен танысып, шығармашылық алаңдарға белсене қатысты.
Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ҚБЖҰ-ның аймақтық хатшысы Самал Сүлейменова алғы сөзбен барлық қатысушыларды қарсы алды.
«Модель 3 К» атты шығармашылық алаңда семинар қатысушылары көшбасшылық, кәсіби бағдар және еріктілер бағыты бойынша тәжірибе жинады.
- Семинар өте жақсы өтті. Бүгін біздің әріптестеріміз шығармашылық қабілеттерін, бизнес идеяларымен қоса, құзыреттіліктерін қалай дамыту керектігін білді, - деп өз ойымен бөлісті Самал Сүлейменова.