Балалар қоғамдық қозғалысының даму перспективасы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 27.09.2018 20:00
Перспективы развития детского общественного движения Перспективы развития детского общественного движения
Перспективы развития детского общественного движения Перспективы развития детского общественного движения

2018 жылдың 27 қыркүйекте «Павлодар облысының білім беру кешенінде балалар қоғамдық қозғалысын дамыту перспективалары» атты облыстық семинар өтті. Үйлестірушілер, әдіскекрлер, аға тәлімгерлер 2018-2019 оқу жылына арналған облыстық штабтың жобалық және сайыстық қызметімен танысып, шығармашылық алаңдарға белсене қатысты. 

Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ҚБЖҰ-ның аймақтық хатшысы Самал Сүлейменова алғы сөзбен барлық қатысушыларды қарсы алды.

«Модель 3 К» атты шығармашылық алаңда семинар қатысушылары көшбасшылық, кәсіби бағдар және еріктілер бағыты бойынша тәжірибе жинады.

- Семинар өте жақсы өтті. Бүгін біздің әріптестеріміз шығармашылық қабілеттерін, бизнес идеяларымен қоса, құзыреттіліктерін қалай дамыту керектігін білді, - деп өз ойымен бөлісті Самал Сүлейменова.