«Қазақстан - 2050» жасұсландықтардың көзімен

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

2013 жылдың 5 қарашасында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қазақстан – 2050» бейнероликтердің облыстық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты – шығармашылық әлеуетті дамыту арқылы балалар мен жастар арасында «Қазақстан-2050» Стратегиясының идеяларын насихаттау.

Сайыста «Астана – 2050», «Мектеп – 2050», «Оқушы – 2050», «Жас Ұлан- 2050» номинациялары бойынша бейнероликтер сынға түсті.

Казахстан 2050 глазами Жасулановцев

Облыстық финалда 9 жұмыс қаралды. Олар өзара орындар бөлісіп, жүлдегер атанбағандары алғыс хаттармен марапатталды. Балаларды дайындаған жетекшілерге де алғыс хаттар берілді.

Әділ қазылар алқасының шешімімен ІІІ орынды Павлодар қаласы №17 ЖОББМ оқушысы Черненко Вадим мен Қашыр ауданы Байқоныс ауылынан Рахметолла Аяулым алса, ІІ орынды Ақсу қаласынан Бурикбаев Абзал мен Ақсу ауданы Евгеньевка ауылынан Казбекова Айдана алды. Ал І орынға Қашыр ауданы Байқоныс мектебінің оқушысы Калимулин Альнур ие болды.

Казахстан 2050 глазами Жасулановцев

«Қазақстан 2050» бейнероликтер сайысының басты қорытындысы – облыс көлемінде ұсынылған 9 жұмыстың ұйымдастырушысы «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ болып табылатын Республикалық байқауға жіберілгендігі. Барлық қатысушыларға жоғарғы сында сәттілік тілейміз.