«Сенің әлемің - Твой мир» электрондық газетінің тұсау кесері өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 04.02.2019 10:17
Презентация электронной газеты «Сенің әлемің - Твой мир» Презентация электронной газеты «Сенің әлемің - Твой мир»
Презентация электронной газеты «Сенің әлемің - Твой мир» Презентация электронной газеты «Сенің әлемің - Твой мир»

31 қаңтар күні облыстық Оқушылар сарайында «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің редакциясы аға тәлімгерлер мен мектеп баспасөз орталығының жетекшілері үшін лездеме өткізді. Газетпен белсенді ынтымақтасытығы үшін белсенді авторлар мен қала мектептері марапатталды. Газет редакторы газетке келетін хаттар мен материалдарға тоқталып өтті. Лездемеде газеттің айдарлары мен келесі нөмірдің тақырыбы туралы сөз қозғалды.

Кезесуде «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің электрондық нұсқасының тұсауы кесілді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жағдайында, оқырмандарға газет оқудың қолжетімді болуы үшін 2019 жылдың қаңтар айынан бастап газет электрондық форматта шығады.

Газетті әр айдың соңында Оқушылар сарайының http://dshk.kz/ ресми сайтынан жүктеп алуға болады. «Қазпочта» АҚ барлық бөлімшелерінен газетке жазылуға болады. Газеттің индексі - 67333.