Ең үздік қосымша білім беру ұйымы анықталды

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 19.03.2019 10:02
Определена лучшая организация дополнительного образования Определена лучшая организация дополнительного образования
Определена лучшая организация дополнительного образования Определена лучшая организация дополнительного образования

2019 жылдың 19 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Павлодар Облыстық Оқушылар сарайында «Ең үздік қосымша білім беру ұйымы» атты облыстық конкурсының финалы өтті. Аталмыш сайыс Павлодар облысының Білім Басқармасының қолдауымен қосымша білім беру ұйымдарының озық педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатымен М.М.Катаев атындағы Павлодар Облыстық Оқушылар сарайы өткізген болатын.

Определена лучшая организация дополнительного образования Определена лучшая организация дополнительного образования
Определена лучшая организация дополнительного образования Определена лучшая организация дополнительного образования

Сайысқа өңірімізден 9 қосымша білім беру ұйымдары қатысып, ақтық мәреге 4 ұйым өткен болатын. Байқаудың қазылар алқасы оқу және білім беру нәтижелерінің жоғары сапасына, ұйымды дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың өнімділігіне, қосымша білім берудің сапасына, өңірдегі білім беру ұйымдары үшін материалдардың практикалық маңыздылығына баға берді.

Екібастұз қаласының «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені бас жүлдеге қол жеткізіп, ең үздік ұйым болып танылды.

1-ші дәрежелі дипломмен Ертіс балалар өнер мектебі, 2-ші дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының балалар – жасөспірімдер экология және туризм орталығы, 3-ші дәрежелі дипломмен Шарбақты ауданының «Радуга» мектептен тыс орталығы марапатталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.