![]() |
![]() |
2019 жылдың 3-21 маусым аралығында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында мектеп жаныңдағы лагерьлері үшін «Балалар әлемі» жазғы экспресс-лагері өз жұмысын бастады.
![]() |
![]() |
Күн сайын мектеп оқушылар «Палитра», «Сыр сандык», «Декор» атты қолданбалы–сән және бейнелеу өнері, «Күмбірле домбыра» домбырада ойнау, техникалық модельдеу бойынша шеберлік-сыныптарға қатысады.
![]() |
![]() |
«Рухани Жангыру» кабинетінде оқушылар қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрлерін, Павлодар облысында туған атақты адамдардың есімдер және еңбектерімен танысады. «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззертегіштер» даңқ мұражайында тарих пәнінен қызықты сабақтар өтеді.
«Жарық жұлдыз» танымдық бағдарламасы арқылы балалар астрономиялық бөліммен танысып, обсерваториядағы телескопқа қарап, ал планетарийде ғарыш әлемі туралы мультфильм мен киноларды тамашалайды.
![]() |
![]() |
«Калейдоскоп» театр студиясының жас әртістері күн сайын театр әлеміне шақырады. Олар сахынада «Рыжий, честный, влюбленный», «Здравствуй, принцесса!», «Пеппи длинный чулок», «Песочница» атты спектакльдерді оқушыларға сыйлайды.
«Арман-шоу» үлгілі театр-студиясы дайындаған сайыс–ойын бағдарламалары аса қызықты өтеді.
«Хогвартс мектебіндегі демалыс» атты жазғы лагері екінші жыл зор сұранысқа ие. Оқушылар лагерде күні бойы бейнелеу, қолданбалы-сән өнерімен танысып, аквагримм және вокалдан сабақтар алып, тіл курстарына барады. Астрономия, робототехника, журналистикадан сабақтар алады, сонымен қатар IT – кабинетте «Adobe Photoshop», «CorelDraw», «Autodesk», «AutoCAD» компьютер бағдарламаларын үйренеді.