«Ел рәміздері – менің мақтанышым»

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

«Ел рәміздері – менің мақтанышым»

7 қараша күні Оқушылар сарайында «Ел рәміздері – менің мақтанышым» аттышығармашылық жұмыстардың байқауы өтті. Бұл танымдық-зерттеушілік сайыс өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатымен ұйымдастырылып отыр. Сайысқа қатысқан балалар өз туындыларын әділ-қазылар алқасына оқып, таныстырумен қатар тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде 3 орынды Павлодар қаласынан Сыздыкова Азиза мен Қашыр ауданынан Жанатурмысова Алина алды. Ал 2 орын Ақсу қаласынан келген Ерманат Ақмарал мен павлодарлық Акул Мадьянға бұйырды. 1 орынды Ақтоғай ауданынан келген Сарсенбаева Алтынай иеленді.

«Ел рәміздері – менің мақтанышым»