![]() |
![]() |
2019 жылдың 28 қазан күні мен 6 қараша аралығында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Республикалық қосымша білім беру оқыту әдістемелік орталығы қосымша білім беру педагогтары үшін «Білім беру ұйымдарында техникалық шығармашылықты дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» атты республикалық курсын өткізді.
![]() |
![]() |
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының 70-тен астам педагогтары қосымша білім берудің негізгі бағыттарын оқыту бойынша белсенді қатысты.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің, ПМПУ, Павлодар облысы «Өрлеу» АҚ БКИ-нің, Павлодар қаласы балалар техникалық мектебі, Оқушылар сарайының тәжірибелі педагогтары практикалық тапсырмалар мен психологиялық тренингтер өткізді.
Курс тыңдаушылары «Алюминий Қазақстан» АҚ-нің оқу орталығы мен мұражайына барды.
Педагогтар курстың пайдалы және танымдық екенің атап өтті.