Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 17.02.2020 18:45
Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті
Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті

2020 жылдың 13 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Облыстық мектептердің жоғары және орта сыныптары арасында «Волонтер жылы» шеңберінде Жайдарман лигасы «Маусымашар-2020» ойыны өтті.

Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті
Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті

Көңілділер мен тапқырлар ойынына қала және аудандардан 12 команда қатысты. Олар: Павлодар ауданы, Ақтоғай, Баянауыл, Май, Шарбақты аудандары және Ақсу қаласы, сонымен қатар Абай атындағы № 10 лицей мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия интернатының оқушылары бақтарын сынады.

Ойынның басты мақсаты оқушылардың моральдық, рухани және мәдени құндылықтарын арттыру, эстетикалық қабілетін дамыту, оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету. Мектеп оқушылары арасында Жайдарман ойындарының қозғалысын дамыту. Оқушылардың бойына мейірімділік қасиеттерді баулу. Ойынның басты тақырыбы: «Көңілді еріктілер». Сахынада көңілді және тапқыр оқушылар Еріктілер жылы туралы айтып, Ұлы Абайдың шығармаларынан үзінділер оқыды. Оқушылар ән айтты, би биледі, көрермендерді әзілдерімен таң қалдырды.

Ойын қортындысы бойынша үлкен кубокты Кемеңгер ауылының командасы, ал кіші кубокты Ақсу командасы иеленді.