«Ордалы сөздің иесі» аға тәлімгерлер шеберлігінің конкурсы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 02.05.2020 11:26
Конкурс вожатского мастерства «Ордалы сөздің иесі» Конкурс вожатского мастерства «Ордалы сөздің иесі»
Конкурс вожатского мастерства «Ордалы сөздің иесі» Конкурс вожатского мастерства «Ордалы сөздің иесі»
 

«Жас Ұлан» ББЖҰ 24-30 сәуір аралығында «Ордалы сөздің иесі» атты қашықтықтан аға тәлімгерлер шеберлігінің конкурсын өткізді. Сайыстың алғашқы кезеңінде аға тәлімгерлер «Аға тәлімгер болу - бұл керемет, өйткені....» және «Аға тәлімгер дегеніміз ...» деген ойларды өрбітті.

«Мое призвание – зажигать сердца!» атты сайыстың екінші кезеңінде қатысушылар аға тәлімгерлік жұмыстың қыр-сырын аша білді.

Конкурс жеңімпаздары болған:
1 орын - Гребеневич Анастасия Владимировна, Успен ауданы, Павловская ЖОМ; Письменная Людмила Васильевна, Павлодар ауданы, Черноярская ЖОББМ; Хамитова Сауле Кайроллиновна, Аккулы ауданы, Потанинская ЖОББМ.
2 орын - Шефер Наталья Владимировна, Железин ауданы, Ч.Валиханов ат. НЖМ; Шпилева Вероника Федоровна, Аксу қаласы, № 4 ЖОББМ
3 орын - Умурбекова Евгения Ескалиевна, Май ауданы, Май ЖОББМ;
Айдабулова Алтыншаш Тулеубаевна, Железин ЖОББМ, № 2 ЖОББМ.

- Аға тәлімгерлерге арналған қашықтан конкурсы екі кезеңді қамтыды. Барлық қатысушылар өздерінің жұмыстарын толық көрсете білді. Аға тәлімгерлер балалармен жұмыс жасауда үздік жұмыстарын ортаға салып, өзін-өзі басқару органдарының жұмысындағы басты аспектілерді және тәрбие жұмысы жүйесінің даму перспективаларын атап өтті. Облыстық штаб әлеуметтік желілердегі пікірлер саны бойынша жеңімпаздарды анықтады, - деді «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның аймақтық хатшысы.

Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!