«Camp time» қашықтан лагеріне шақырамыз

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 15.06.2020 12:42
Приглашаем в «Camp time» Приглашаем в «Camp time»
Приглашаем в «Camp time» Приглашаем в «Camp time»

2020 жылдың 15 маусым күні Павлодар облысының білім беру басқармасының бастамасымен «Camp time» қашықтан лагері өз жұмысын бастады. Аталмыш лагердің жұмысын Оқушылар сарайының әдіскерлері ұйымдастырған болатын. Лагердің бағдарламасында:  «Салауат» Sportland денсаулықты сақтау мектебі, «Smartperson» зияткерлік ойын мектебі, «Жасыл технология» экологиялық мектебі, «WOW»- шоу шығармашылық мектебі, «Техно-LAB» техно-мектебі, «Sociability» жас көшбасшылар мектебі, «Пикассо» жас суретшілер мектебі.

«Camp time» қашықтан лагерінде қызықты тақырыптық сабақтар, тренингтер, мерекелер, сұхбат сабақтар, экскурсиялар, көрмелер, шығармашылық кездесулер, концерттерге қатысу, конкурстар, викториналар, жарыстар, зияткерлік және спорттық ойындар, челлендждер, онлайн акцияларға қатысуға болады. Лагерге облыстың барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Фото және бейне материалдарды әлеуметтік желілерде келесі хештегтер бойынша жүктеу керек.

«Салауат» Sportland» денсаулықты сақтау мектебі - #Спортfestpvl
«Smartperson» зияткерлік ойын мектебі - #bestУМpvl
«Жасыл технология» экологиялық мектебі - #ЭКОlifepvl
«WOW»- шоу - шығармашылық мектебі - #Likeшоуpvl
«Техно-LAB» техно-школа - #ТехноВООМpvl
«Sociability» жас көшбасшылар мектебі - #ЖасҰланTEAMpvl
«Пикассо» жас суретшілер мектебі - #ArtПикассоpvl