![]() |
![]() |
2020 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің ұстаздары ұйымдастырған «Менің елім - менің болашағым» атты отбасылық онлайн-фестивалі өтті.
Онлайн-фестивальде әр отбасы қазақ композиторларының орыс және қазақ тілдеріндегі әндерін орындау арқылы қазақ халқының мәдени мұраларын ұсынды. «Менің елім - менің болашақым» фестиваліне аймағымыздың 12 жанұясы қатысты. Бейнематериал Оқушылар сарайының өнер бөлімінің инстаграм парақшасына жүктелді. Фестивальдің барлық қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.