![]() |
![]() |
2020 жылдың 20 қарашы күні Оқушылар сарайында «Әл-Фараби» мұрасы атты онлайн конференция өтті. 2020 жылы ғалым философ Әл-Фарабидің 1150-жылдығы тойланды.
![]() |
![]() |
Аталмыш шараны «Каламгер» баспасөз орталығы және «Антарес» астрономдар клубы ұйымдастырды.
Балалар Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесін зерттеді. Өз баяндамаларында оның, еңбектерінің маңызы, шығармашылығының әртүрлі мәдениеттердің жақындасуына әсері туралы айтты, өткенді зерттеудің маңыздылығын, уақыттың байланысын көрсете білді.
Мельниченко Богдан өз баяндамасында «Әл-Фарабидің еңбектеріндегі философия», Манабаев Сарман - «Әл-Фарабидің еңбектеріндегі астрономия», Гайдунко Назар - «Музыка және Аль-Фараби», Нурпеисова Карина - «Аль-Фарабидің нақыл сөздері», Ахметова Айлана - «Аль-Фарабидің өмірінен қызықты фактілер» туралы айтып берді.
![]() |
![]() |
Павлодар қаласының №5 ЖОМ-нің мұғалімі Айгуль Молдаш өзінің оқушысы Али Бауржанұлымен іс-шараға қатысты.Олар өздерінің «Ғалым болғым келеді» атты жұмысымен таныстырған болатын. Али конференцияның ең кішкентай қатысушысы болды. Ол бірінші сыныпта оқиды.