Туған даланың қоңыр күйі

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 11.12.2020 20:29
Родных степей чарующие звуки Родных степей чарующие звуки
Родных степей чарующие звуки Родных степей чарующие звуки

Ұлы ақын, композитор, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай және ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында С. Торайғыров атындағы университетте «Орындау өнері» кафедрасында 2020 жылдың 23 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Құлтақтан кіріп бойды алар» халықаралық қашықтықтан байқауы өткен болатын.

Конкурсқа М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Жас дәурен» вокалдық студиясының тәрбиеленушілері қатысты. Олар Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін ұсынды.

Байқаудың әділқазылар алқасы жас әншілердің орындау техникасын, музыкалық шеберліктерін эмоционалдылығын жоғары бағалады. «Жас даурен» ұжымы 1 орынға ие болды. Жас өнерпаздарға дипломдар табысталып, жетекшісі Баршагүл Ноғаева құрмет грамотасымен марапатталды.