![]() |
![]() |
2020 жылдың 15 желтоқсан күні еліміздің басты мерекесі алдыңда Оқушылар сарайында «Сен Абайды білесің бе?» атты интерактивті онлайн-викторина өтті. Тамыз айында бүкіл ел ұлы ақын, жазушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтті. Аталмыш іс-шара оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтуге, жас ұрпақ үшін Абай шығармаларының маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
![]() |
![]() |
Шараны ұйымдасытрған «Қаламгер» баспасөз орталығының тілшілері мен олардың жетекшілері Асем Аипова. ZOOM платформасында онлайн викторинаға Аққулы ауданы Садуақас Сатыбалды атындағы ЖОББМ, Абай атындағы дарынды балаларға арналаған гимназия және Павлодар қаласы №33 ЖОББМ-нің оқушылары қатысты. Викторина 4 кезеңді қамтыды.
![]() |
![]() |
Оқущылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, әлем бойынша орналасқан Абай ескерткіштері орнатылған қалаларды тапты, Абайдың қара сөздерін оқыды.
- Бүгінде жас ұрпақтың Абай әлеміне зерттеуге мол мүмкіндігі бар. Ұлы Абайдың өмірі мен мұрасы болашақ ұрпақтарға әділеттілік, гуманизм, жоғары рух пен парасаттылық жолында әрдайым жарқын үлгі болып қала бермек, - деді іс-шараны ұйымдастырушысы Әсем Аипова.