«Қалдықтарды кіріске айналдырамыз» конкурсының қортындысы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.12.2020 14:45
Превратим отходы в доходы Превратим отходы в доходы
Превратим отходы в доходы Превратим отходы в доходы

2020 жылдың 27 желтоқсан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қалдықтарды кіріске айналдырамыз» атты қашықтықтан экологиялық конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурсқа өңіріміздің 99 мектебі қатысқан болатын. Сараптау комиссиясы жұмыстардың келесі критерийлерге сәйкестігін бағалады: автордың шығармашылық даралығы мен шеберлігі, жаңашылдығы мен өзіндік ерекшелігі, орындалған жұмыстың автор-орындаушының жасына сәйкестігі, тәжірибеде қолданылуы, өнімнің эстетикалық келбеті. Жеңімпаздар дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері - алғыс хаттармен марапатталады, қатысушылар сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!


Дипломдарды жүктеу