Балалардың өкілдіктері жұмыс істейді

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 12.01.2021 11:00
Работают детские представительства Работают детские представительства
Работают детские представительства Работают детские представительства

2021 жылдың 8 қаңтарында Оқушылар сарайында ZOOM платформасы арқылы Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Батталова Бақыт Кеңесқызымен кездесу өтті.

Онлайн-отырысқа Павлодар облысының қалалары мен аудандарының балалар өкілдіктерінің 100-ден астам қатысушылары жиналды. Балалар өкілдіктерінің жұмысы оқушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Кездесу барысында қатысушылар белсенділік пен қызығушылық танытты. Қатысушылар судья жұмысының ерекшеліктері, жауапкершілік, кәсіби шеберлік туралы білді. Барлық оқушылар өздерінің сұрақтарына жауап алды.

Кездесуді «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымдастырды.