«Менің тату отбасым» суреттер конкурсы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 12.02.2021 20:40
Конкурс рисунков «Менің тату отбасым» Конкурс рисунков «Менің тату отбасым»
Конкурс рисунков «Менің тату отбасым» Конкурс рисунков «Менің тату отбасым»

Оқушылар сарайында «Менің тату отбасым» тақырыбында облыстық сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас ұрпақ бойында адамгершілік, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастыру, ата-аналарға және олардың отбасыларына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.

Конкурсқа 1-4 сынып аралығында 370-оқушы қатысты. Олар Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Баянаул, Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс, Ақтоғай, Май, Теренкөл, Аққулы аудандарынан болды.

Жеңімпаздар дипломдармен ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Дипломдар мен сертификаттар облыстың қалалық және аудандық білім бөлімдеріне жіберіледі.