Оқушылар сарайында онлайн ерлік сабақтары өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 17.02.2021 10:31
Онлайн урок мужества во Дворце школьников Онлайн урок мужества во Дворце школьников
Онлайн урок мужества во Дворце школьников Онлайн урок мужества во Дворце школьников

2021 жылы 15 ақпанда Оқушылар сарайында Ауғанстан әскерлердің күніне арналған мұражай сабағы өтті. Аққулы ауданының мектеп оқушылары сабаққа белсенді қатысты. Сабақтың қонағы Әскери Даңқ мұражайының директоры Тыштыков Рустам Нажмиденұлы болды.

Ол Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді ұзақ жылдар бойы мұражайда сақталған жәдігерлер туралы айтты. 2009 жылдан бастап «Майдан жолы» іздестіру отрядының павлодарлық белсенділер қазақ жауынгерлерінің сүйектерін табу және Ұлы Отан соғысы болған жерлерде ескерткіштер қою бойынша жұмыс жүргізуде.

Ол Павлодар облысынан Ауғанстандағы соғысына қатысқан батырларға тоқталды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығында Павлодарда мемориалдық кешен ашылды, онда 36 павлодарлықтың есімдері мәңгі сақталып қалды. Рустам Нажмиденұлының әңгімесін ұйып тыңдап, сұрақтар қойды.

- Бұндай кездесулер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен мән береді. Оқушылар жерлес батырлардың ерлігі туралы білді, - деді онлайн сабақты ұйымдастырушы Бахыт Беккожина.