Ауыр тиетін сөздер

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

(Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді)

Слова, которые ранят

2013 жылдың 3 желтоқсанында Облыстық Оқушылар сарайының №228 кабинетінде құқықтық бағыт бойынша әдіскер Хуако В.Г. өткізген балалар қоғамдық қабылдау бөлмесінің отырысы өтті. Негізгі тақырыбы – «Кемсітушілік, гендерлік теңдік, зорлық».

Балалармен жұмыста мынандай міндеттер қойылды:

-ренжітетін сөздердің себептері мен әсерлері туралы ойлану;
-айтылған сөздерге әр адам әр түрлі әрекет ететіні ұғыну;
-өз ойын білдіру еркінің шекараларын анықтау;
-ренжітетін сөздерге қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру.

Ауыр тиетін сөздер

Сабақ барысында балалар ренжітетін сөздерге өз мысалдарын келтірді, олардың себептері мен адамға әсерлерін талдады.

Балалар қоғамдық бөлмесінің отырысына 27 адам қатысты. Оның 15-і №8 лицей оқушылары, ал 12-сі Оқушылар сарайы үйірмелерінің шәкірттері.