![]() |
![]() |
2021 жылы 30 қыркүйек күні Оқушылар сарайында облыстық «Аққу» жобасы аясында «Қыздармен жұмысты ұйымдастыру» бойынша вебинар өтті.
ZOOM платформасында өткен вебинарда 100-ден астам облыстың клуб жетекшілері қатысты. Әдіскер Асима Оспанкулова «Аққу» клубының қызметі жайлы әдістемелік нұсқаулықтарға тоқталды.
Павлодар облысы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының директордың орынбасары Аманкеш Алина тәрбие барысы жайлы баяндама жасады. Аққулы ауданының білім бөлімінің әдіскері Асем Оспанова ауданның мектептерінде клубтарды ашу бойынша жұмыс тәжірибесімен тоқталды.
Педагог-ұйымдастырушы Замзагуль Айтыбаева 2021 – 2022 оқу жылының «Аққу» облыстық клубының жұмыс жоспарымен таныстырды.