«Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» облыстық бейнероликтер конкурсы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областной конкурс видеороликов «Счастливое детство без коррупции» Областной конкурс видеороликов «Счастливое детство без коррупции»
 

2021 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында «Жас Ұлан» ББЖҰ 7-11 сынып оқушылары үшін «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» облыстық қашықтық конкурсын ұйымдастырды. 

  

Конкурстың мақсаты - жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы үшін мектепте жағдай жасау, байқау тақырыбы бойынша бейне-репортаждар жасау саласында оқушылардың қабілеттерін дамыту. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық мәселесін ашып көрсету, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықсыз балалық шақ қандай болу керектігін көрсету ұсынылды. Бейнероликтердің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі керек. Байқау шарты бойынша бейнеролик 2 минуттан аспауы тиіс.
Конкурсқа Ақтоғай, Баянауыл, Шарбақты, және Ертіс аудандары, Павлодар ауданы, Железин ауданы және Павлодар, Ақсу қалаларынан 84 оқушы қатысты.
«Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» облыстық қашықтық конкурсының қортындысы бойынша Бас жүлде Шарбақты ауданы №2 ЖОМ, Павлодар қаласы, Қ.Беккожин мектебі – 1 орын, С.Дөнентаев ат.ЖМ – 2 орын, Павлодар қаласы № 28 ЖОМ және №11 ЖОМ – 3 орынға жайғасты. Облыстық конкурстың белсенді қатысушылары сертификаттармен, жеңімпаздар – дипломдарға қол жеткізді. Қортынды @jas_ulan_pvl Instagram парақшасында жарияланды.