![]() |
![]() |
2021 жылдың 26 қараша күні «Қосымша білім берудегі оқу-тәрбие процесін жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, принциптері мен формалары» атты облыстық вебинар өтті.
Оқушылар сарайының әдіскері Айғаным Пиржанова қосымша білім берудегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жоспарлау бойынша сөз сөйледі.
«Жігер» клубының әдіскері Жанна Саятова «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы педагогтарының оқушыларға білім беруде жоспарлау оқу үдерісінде заманауи инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесі және мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша әдіс-тәсілдерді ұсынды.
Железинка балалар өнер мектебінің жетекшісі
Анар Сулейманова вокалдық-хор бойынша ән салудағы инновациялық технологиялармен бөлісіті. Балалар мен ересектердің бірлескен жұмысы туралы «Павлодар дарыны» дарынды балаларға арналған орталығының басшысы Раушан Айдарханова сөз алды.
Вебинар қортындысы бойынша шығармашылық топ құрылды.