![]() |
![]() |
2021 жылдың 29 қараша күні «Ұлы даланың жеті қыры» атты № 43 ЖОББМ-нің оқушылардың қатысуымен зияткерлік ойын өтті.
Оқушылар елдің тарихы туралы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейнені тамашалады. Ойын барысында жігіттер тарихи мұра, қазақ даласының адамзатқа сыйға тартқан жеті нәрсесі: ат спорты мәдениеті, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны туралы сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.
-Оқушылар Қазақстан тарихы туралы көп мағлұмат алып, көп жаңалықтарға ие болды, - деді ойынның ұйымдастырушысы, әдіскер Бахыт Беккожина.