![]() |
![]() |
2021 жылы 22 желтоқсан күні Оқушылар сарайында қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін шығармашылық топтың бірінші кеңесі өтті.
Шығармашылық топтың қызметі жас мамандармен әдістемелік байланысты нығайтуға, білім сапасын арттыруға бағытталған.
Шарбақты ауданы «Радуга» орталығы директорының орынбасары Айгуль Омарова ұстаздардың аттестациядан өту, педагогтердің портфолио мазмұны жайында қысқаша ақпарат беріп, бақылау диагностикасының үлгісін көрсетті, аналитикалық анықтама жасады.
«Радуга» орталығы әдістемелік кабинетінің жетекшісі Асем Касенова қосымша білім беру педагогтерінің құжаттарын жүйелеу туралы баянадама жасады.
-Шығармашылық топ жұмысының мақсаты – жас мамандарға көмек көрсету, қосымша білім беру ұйымдарының жалпы жұмыс жүйесін қалыптастыру, - деді шығармашылық топтың жетекшісі, әдіскер Айғаным Пиржанова.