Оқушылар сарайында Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Встреча с ровесниками Независимости прошла во Дворце школьников Встреча с ровесниками Независимости прошла во Дворце школьников
Встреча с ровесниками Независимости прошла во Дворце школьников Встреча с ровесниками Независимости прошла во Дворце школьников

2021 жыл Қазақстан үшін мерейлі жыл. 1991 жылдың 16 желтоқсаны Еуразия құрлығының дәл ортасында жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен ерекшеленеді.

Встреча с ровесниками Независимости прошла во Дворце школьников Встреча с ровесниками Независимости прошла во Дворце школьников 

Оқушылар сарайында 2021 жылдың 3 желтоқсан күні өткен кездесуде Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастары еліміздің басты мерекесіне деген көзқарастары мен жеке жетістіктері туралы айтты. Кездесудің қонақтары: «Ертіс» облыстық телеканалының тілшісі Белгібаева Самал Қалиқызы, «Банк Центр кредит» АҚ кредиттік дирекция әкімшілігінің жетекшісі Хакимов Бахтияр Назарович, Павлодар қаласы «№4 арнайы мектеп – интернатының дефектолог-мұғалімі Бодак Кристина Викторовна, Тереңкөл ауданы, Агзам Текенов ат. ЖОМ-нің директоры Садыков Еркебулан Темірболатұлы болды. Тәуелсіздік құрдастары 30 жыл ішінде өмірде біршама жетістіктерге жетіп үлгерді. Кездесуге келген қонақтар облыс мектеп оқушыларымен жетістіктерімен бөлісіп, олардың кәсіби өсулері туралы әңгімеледі. Барлық оқушылар сұрақтар қойып, баға жетпес ақыл-кеңестер мен тілектерін алды. Қонақтар оқушыларға кітапты көп оқуға, алдарына биік мақсаттар қойып, армандарға жетуге тілек білдірді.

-Тәуелсіздік құрдастары – жас қазақстандықтар елдің азат рухын бойына сіңіріп, өздеріне жүктелген жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарады, болашаққа нық сеніммен қарайды, - деді кездесуді ұйымдастырушы Асем Аипова.