![]() |
![]() |
2022 жылдың 20 қаңтарында Павлодар облысының «Жас Ұлан» ББЖҰ облыстық штабы № 1 және № 4 жалпы орта білім беру интернаттарының оқушылары үшін «Charity-show» қайырымдылық ойын шоу бағдарламасын ұйымдастырып өткізді.
Шоу бағдарламада тәрбиеленушілер ұйымдастырылған іс-шараға қызығып, барлық ұсынылған тапсырмаларға белсенді және ерекше құлшыныспен қатысты. Әр балаға тәтті сыйлықтар дайындалды.
Павлодар қаласының №31 ЖОББМ алғыс білдіргіміз келеді. Себебі, №31 ЖОББМ оқушылары 1 жарты жылдық ішінде макулатура жинап, түскен қаражатқа интернат тәрбиеленушілері үшін тәтті сыйлықтар сатып алды.