Оқушылар үшін мұражай сабақтары

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Музейные уроки для школьников Музейные уроки для школьников
Музейные уроки для школьников Музейные уроки для школьников

М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерлер-іззерттегіштер» мұражайында оқушылармен кездесулерді жалғастырады. 2022 жылдың 11 наурыз күні мұражайға Павлодар қаласының 34 ЖОМ-нің оқушылары сабаққа келді.

«Майдан жолы» отряды командирінің жастармен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мұқанов Асхат Смағұлұлы (No18 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі) Павлодарлық іздестіру-зерттеу отрядының тарихи мұраларын сақтаудағы рөліне кеңінен тоқталып, тарихи жәдігерлерді  сақтаудағы негізгілеріне тоқталды. Мұрағаттық іздестіру жұмыстарын жүргізді, экспедицияларға дайындық тәжірибесімен бөлісті, қазбалардан табылған тарихи заттармен таныстырды.
Оқушылар Ұлы Отан соғысы кезіндегі заттарға өз қолдарымен ұстап көріп, тарихқа сыр шертті. «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Сағынтайқызы мұражай бойынша экскурсия жасады.