![]() |
![]() |
2022 жылдың 10 наурыз күні 2018-2022 жылдар арасындағы облыстық «Шаңырақ» кешендік жобасының қортындысы болды. Обылыс мектептері қазылар-алқасына «Шаңырақ» жобасы туралы туралы бейнероликтерді жіберді.
Жоба аясында төрт жыл бойы мектептерде ұлттық шығармашылық, қазақ мәдениетінің дәстүрлері, қазақтың ұлттық қолөнерінің тарихы, музыкалық аспаптары, тұрмыстық бұйымдары, ою-өрнектері зерделеніп, киіз үй үлгілерінің байқаулары мен көрмелері, шеберлік сыныптары, кездесулер өткізілді. Қолөнершілер қазақтың ұлттық киіз үйлері құру бойынша шеберлік-сыныптар көрсетті.
Қазылар алқасының құрамына: Павлодар педагогикалық университетінің өнер және спорт жоғары мектебінің педагогі, бейнелеу және сурет зертханасының педагогі
Сыдыков Мелжан Рахимсейтович, Ленинский ауылының тұрғыны, ұлттық-қолданбалы шығармашылығының шебері Сунгатова Галия Балтабаевна, Павлодар қаласы ЮНЕСКО клубының № 1 балалар көркемөнер мектебінің тәрбие жұмысының директорының орынбасары Мухаметкалина Гульнар Мергалымовна болды.
Конкурс қортындысы бойынша:
1 орын Ақсу қаласы, №1 ЖОМ
2 орын Ақжар ЖОМ, Май ауданы
3 орын Ақтоғай ауданы, Абай ЖОМ
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
- Қорытындылау кезінде конкурстық жұмыстың шығармашылық даралығы, толықтығы мен бейнелілігі, тақырыптың мазмұнының тереңдігі мен ашылу деңгейі аталып өтілді, - деді Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Замзагуль Айтыбаева.