Жаңа жылдық өрнектер

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Жаңа жылдық өрнектер

2014 жылдың 6 қаңтарында Оқушылар сарайы негізінде қала мектептері оқушыларының қатысуымен «Заманауи балалар қозғалысы – үлкендер мен балалар ынтымақтастығы формуласы» атты Ашық есік күндері өткізілді.

15 шығармашылық алаң жұмыс істеді: «Могу ли я быть лидером?» гайд – паркі; Варя Даирбаева, Игорь Неустроев және Александр Межуев секілді Павлодарлық ақындармен кездесу түрінде ұйымдастырылған «Живое слово» әдеби кеші; «Литературное лото» зияткерлік ойыны; «Көшбасшылық» белсенді балалар мектебі; «Тразегор» еліне саяхат; «Слова, которые ранят» ұжымдық әрекеттестік тренингі; «Угадай мелодию» музыкалық-танымдық ойыны. Кездесуге қатысушылар өздерінің қабілеттері мен таланттарын мектеп редколлегияларына арналған «Қызықты журналистика», «Техника рисования светом», «Телевидение глазами детей» атты шебер-сыныптары мен хореографиялық өнер бойынша «Движение – это жизнь», хор өнері дағдыларын дамыту бойынша «Әсем әуен», қолданбалы өнер бойынша «Новогодние сувениры», шаш сәндеу бойынша «Ажурные чудеса» шебер-сыныптарында көрсете алды.

 

Жаңа жылдық өрнектер

Шығармашылық алаңдар жұмысы «Жаңа жылдық өрнектер» атты мерекелік концертпен аяқталды. Оқушылар сарайының ән және би ұжымдарының талантты шәкірттері көрермендерге өз өнерлерін танытты.

Кездесуге №№1,6,7,11,14,16,38,42 мектеп оқушылары қатысты.