Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12800104
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3030
6835
20176
12574557
118557
375712
12800104

Сіздің IP: 18.117.158.47
Уақыт: 2024-04-18 14:57:45

Әке туралы ой толғау

Слово об отце Слово об отце
Слово об отце Слово об отце

7 желтоқсан күні Мұрат Махметұлы Қайырбаевпен «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайында кездесу өтті.
Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың ұлы Павлодар қаласының № 9, 11, 34, 39, 43, 33 мектеп оқушыларына әкесінің өмірі, жауынгерлік жолы, еңбек өмірбаяны туралы айтты, "Ертіс өңірінен келген Батыр" және "Әкелер жолы – ұлдар жолы" кітаптарын таныстырды.

Балалар Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1-ші Балтық майданының 2-гвардиялық армиясының 17-ші жеке танкке қарсы артиллерия бригадасының 712-ші танкке қарсы артиллерия полкінің батарея командирі, полковник (Батыр атағын беру кезінде – аға лейтенант).  Лейтенант М.Қ. Қайырбаев атыс взводының командирі және 76 мм зеңбірек батарея командирі лауазымдарында болды, үш рет жараланып, бір рет снарядтан соққы алған. 1945 жылы наурызда фашистік  басқыншыларға қарсы күресте қолбасшылықтың тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін оған Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сонымен қатар, Александр Невский орденімен, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Бейбіт уақытта Махмет Қайырбаевтың барлық еңбек жолы Павлодар облысының дамуымен тығыз байланысты. Тың және мал шаруашылығын игеруде, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуда қол жеткізген жетістіктері үшін ол Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және Октябрь Революциясы орденімен марапатталды.
Оқушылар оқиғаны мұқият тыңдап, кітаптар көріп, Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың өмірі туралы сұрақтар қойды.
- Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың өмір жолын оның барлық жерлестеріне жеткізу және болашақ ұрпақтың жадында халық батырының бейнесін сақтау менің қасиетті міндетім деп санаймын, - деді Мұрат Қайырбаев.
- Мұражай сабақтары еліміздің ерлікпен өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелейді, жерлестердің ерліктерін тануға көмектеседі, - деп атап өтті «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының жетекшісі Бақыт Бекқожина.

Түсініктемелер қосу