![]() |
2022 жылдың 8 желтоқсан күні Оқушылар сарайының «Ашық жүрек» және «Мейір» еріктілер клубтары және «Жас Ұлан» облыстық штабының педагогтары Павлодар қаласының №7 арнайы мектеп-интернатына барды.
Қазіргі таңда бұл жерде уақытша Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері тұрып жатыр. Оқушылар сарайының педагогтері бұл балғындарға арналған «Бала-party» ойын-сауықтыру бағдарламасы өткізді.
Балалар флешмоб, «Мультфильм хикаяларын табу», квест-ойындар және қызықты викториналарға қатысты. Ертегі кейіпкерлері балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады.