![]() |
2022 жылдың 13 желтоқсан күні Оқушылар саарйында «Қазақстан-алтын тұғырым» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған танымдық – зияткерлік турнир өтті.
Іс-шараға М.Ж Көпеев, М.Әуезов, Қ.Мақпалеев атындағы ЖОББМ-нің, №16, №17, №30 «Мирас» және «Аққу» клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
Турнир «Қазақстан тарихы», «Мемлекеттік рәміздер», «Әдебиет», «География», «Ұлттық дәстүр мен ғұрыптар», «Әйгілі есімдер» атты 6 турды қамтыды.
Жеңімпаз атанған М.Ж Көпеев ат.ЖОББМ, 2 орын № 17 ЖОББМ, 3 орын - Қ.Мақпалеев атындағы ЖОББМ иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
- Бүгін біз ел тарихы туралы көп айттық. Оқушылар барлық тақырыптар бойынша керемет білімдерін ортаға салды, - деді «Мирас» және «Аққу» жобасының үйлестірушісі Замзагуль Айтыбаева.