![]() |
![]() |
2023 жылдың 15 наурызында М. М. Катаев ат. Оқушылар сарайында "Жеңіске 78 қадам – 78 ерлік сабақтары" акциясы аясында Павлодар қаласының №24, 26, 35 мектеп оқушыларына арналған мұражай сабағы өтті.
"Аталар - ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер" мұражайының жетекшісі Бақыт Бекқожина балаларға әскери-тарихи жәдігерлерді көрсетіп, экскурсия өткізді. Іззерттеуші Саят Құсайынов Ұлы Отан соғысы кезіндегі ата-бабаларымыздың ерліктері, "Майдан жолы" зерттеу отрядының қызметі туралы айтып берді.
"Майдан жолы" отрядының жас ізденушілері, №18 ЖОМ 11 сынып оқушылары Арина Кох пен Юлия Ивановалар әскери қылмыстардың қайғылы оқиғалары мен құрбандары, бейбіт тұрғындарға қарсы геноцид туралы "Ескіру мерзімінсіз" халықаралық жобасын ұсынды.
- Әрбір ерлік сабағында біз оқушыларды еліміздің тарихи оқиғаларымен таныстырамыз, өз Отанымыздың тарихына деген мақтаныш сезімін құрметтеуге тәрбиелейміз, - деді "Аталар - ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер" мұражайының жетекшісі Бақыт Бекқожина.