Облыстық еріктілер слёті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областной слёт волонтеров Областной слёт волонтеров
Областной слёт волонтеров Областной слёт волонтеров

2023 жылдың 19 мамыр күні Оқушылар сарайында «Жақсылық қадамдары» пилоттық әлеуметтік жобасы аясында Павлодар облысының еріктілері үшін «Мен еріктімін!» облыстық слеті өтті.

Областной слёт волонтеров Областной слёт волонтеров 

Областной слёт волонтеров Областной слёт волонтеров


Іс-шараны М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы ЮНИСЕФ және Қазақстан Республикасының Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп ұйымдастырды. Слетке 14 команда қатысты.
Слет бағдарламасына сәйкес алдымен Облыстық слеттің салтантты ашылуы өтті.  Кейін командалар өздірін таныстырып, еріктілер жыл көлемінде атқарған жұмыстарын, тың жобаларын, әлеуметтік желідегі белсенділіктерін көрсетті. Жыл бойы «Жақсылық қадамдары» пилоттық әлеуметтік жобасы аясында қала мен аудандардың мектептерінде ерікті  жасағы құрылып және де ЮНИСЕФ еріктілер қозғалысы мен Ұлттық еріктілер желісінің тәжірибелі спикерлерімен «Еріктілер мектебі» онлайн оқудан өтті. Іс жүзінде білім беру ұйымдарының еріктілер жасағы  үй тапсырмасын орындап, «Qamqor» Әлеуметтік волонтерлік бағыты, Asyl Mura» рухани-адамгершілік және «Taza alem» экологиялық волонтерлік бағыттары бойынша жұмыс істеді.
Іс шара барысында шығармашылық алаңдары ұйымдастырылды. Слет қонақтары Ұлттық еріктілер желісі мен ЮНИСЕФ жүзеге асыратын #BeSafe жобасының үйлестірушілері Гульжамиля Камарова мен Аннэль Амангелді «Табысты команданың дағдылары», «Волонтерлік қозғалыс жұмысының нысандары мен әдістерін кеңейту» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Ал, «Төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету» бойынша Қызыл Жарты Ай еріктілері қатысушылармен жұмыс істеді.
Еріктілер қозғалысының ең белсенділері, қалалар мен аудандардың үйлестірушілері және еріктілер отрядтарының басшылары ЮНИСЕФ атынан дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
-Біздің еріктілер ресми шаралармен шектелмей, барлық бағыттар бойынша түрлі іс-шараларға қатысты. Әркім өз тәжірибесімен бөлісіп, өздеріне қандайда бір жаңашылдық ашады деп үміттенемін,-деді ұйымдастырушы, Оқушылар сарайының әдіскері Ғалия Ермекова.