Оқушылар сарайында құқықтық тәрбие бойынша семинар өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Областной семинар по правовому воспитанию прошел во Дворце школьников Областной семинар по правовому воспитанию прошел во Дворце школьников
Областной семинар по правовому воспитанию прошел во Дворце школьников Областной семинар по правовому воспитанию прошел во Дворце школьников

М. М. Катаев атындағы Оқушылар Сарайында 2023 жылдың 16 қарашасында «Білім беру ортасында оқушыларды құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру құралы»   тақырыбы аясында  облыстық семинар өтті.

Областной семинар по правовому воспитанию прошел во Дворце школьников Областной семинар по правовому воспитанию прошел во Дворце школьников 

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мектеп парламентінің  «Құқық және тәртіп» фракциясы жүзеге асыратын құқықтық тәрбие моделін ұсыну және зерделеу.
Семинар-практикумге облыстың қалалары мен аудандарынан 30-дан астам аға тәлімгерлері қатысты. Оқушылар сарайының әдіскері Аксана Фрик «Құқықтық тәрбие оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол «Құқық және тәртіп» фракциясының қызметі туралы толық ақпарат берді.
Семинардың екінші бөлімінде әдіскер Айжан Оразбаева «Адам құқықтары» құқықтық ойынын пайдалана отырып практикалық сабақ өткізді. Қатысушылар ойынның барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, өздерінің білім беру тәжірибесінде пайдалана алатын семинардың электрондық материалдарын алды.
Семинардың соңғы кезеңі қатысушыларға тәжірибе алмасуға, сұрақтар қоюға және нақты жауаптар алуға мүмкіндік берді, бұл олардың оқушыларды құқықтық тәрбиелеу саласындағы білімдерін нығайтуға ықпал етті.