Экскурсовод болу өте қызы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Экскурсоводом быть интересно Экскурсоводом быть интересно
Экскурсоводом быть интересно Экскурсоводом быть интересно

2023 жылдың 17 қараша күні М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайында «Экскурсия классификациясы, экскурсия әдісі» тақырыбында жас экскурсоводтар мектебі өтті.

Экскурсоводом быть интересно Экскурсоводом быть интересно 

Мұражай сабағына Павлодар қаласының № № 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 17, 18, 19, 21, 24, 29, 31, 36 ЖОББ-нің оқушылары келді.  
Жас экскурсоводтар топтарда жұмыс істеді, материалды зерттеді, «Мозаика» технологиясы бойынша жұмыс істеді. Әр команда өз экспозициясын зерттеп, баяндама мен презентация дайындады. Мұрағат құжаты мен мұражай экспонатын өз бетінше зерттеді. Жас экскурсоводтар экскурсия маршрутын қалай жасау керектігі туралы білім алды, мұражайға келушілердің әрқайсысы үшін қолайлы әдістерді таңдады.
- Жас экскурсовод мектебі оқушыларды экскурсиялық қызметтің негіздерімен таныстырудың, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың және мұражай жұмысына қызығушылықты қалыптастырудың тиімді әдісі болып табылады. Сабақта біз экскурсиялық қызмет саласында білім алушылардың теориялық, әдістемелік және практикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасаймыз,  - деді мұражай жетекшісі, іс-шараны ұйымдастырушысы Бахыт Аралбаева.