«Мобильді педагог» жобасы жалғасуда

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Проект «Мобильный педагог» продолжается Проект «Мобильный педагог» продолжается
Проект «Мобильный педагог» продолжается Проект «Мобильный педагог» продолжается

30 қараша күні М.М.Катаев ат.Оқушылар сарайының педагогтері мен әдіскерлері  «Мобильный педагог» жобасы аясында Ақсу қаласына барды. Балалар эко-техно орталығының оқушылары, МДТЖО, мектеп мұражайларының басшылары, тәлімгерлер, «Аққу» және «Мирас» клубтарының басшылары үшін шеберлік сыныптары, практикумдар, тренингтер мен тимбилдингтер ұйымдастырылды.

Проект «Мобильный педагог» продолжается Проект «Мобильный педагог» продолжается 

Проект «Мобильный педагог» продолжается Проект «Мобильный педагог» продолжается

Әдіскер Ақсана Фрик тәрбие ісі жөніндегі басшылардың орынбасарлары үшін  «Өскелең ұрпақтың құндылық тәрбиесін қалыптастыру» тренинг-практикумын дайындады. Облыстық «Аққу» және «Мирас» жобаларының үйлестірушісі Майя Темірболатова жасөспірімдерде мәдениетаралық қарым-қатынасқа деген құштарлықты қалыптастыратын «Аққу» және «Мирас» мектеп клубтарының қызметі туралы айтып берді.
«Жас Ұлан» ББЖҰ өңірлік хатшысы Айжан Оразбаева мектеп Парламенті жұмысының әдістері мен нысандарымен бөлісті. Балалар мен жасөспірімдер ұйымының әдіскері Мәди Сейтбатталов «Мектеп Парламенті көшбасшыларының командалық құрылуы» ұжымын біріктіру үшін тимбилдинг өткізді.
4-5 сынып оқушылары үшін "Эко boom" интерактивті викторинасы өткізілді, оның барысында балалар қауіпті тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу ережелерін зерделеді. Қатысушылар releon Lite сандық зертханасының датчиктері арқылы атмосфералық ауаға мониторинг жүргізді. "ЭКО-ВООМ" жобасының үйлестірушісі Оразбаева Әйгерім болып табылады.
3-4 сынып оқушылары хореография бойынша шеберлік сабағына үлкен қызығушылықпен қатысты. Заманауи қызметте эстрадалық биді қолдануды хореограф Анжела Тактаулова көрсетті. Әдіскер Бахыт Аралбаева әдістемелік сағатқа қатысушыларды нормативтік құжаттармен, мұражайда жұмыс істеу нысандары мен әдістерімен, мұрағаттық құжаттармен, нормативтік құжаттармен жұмыс жасаумен таныстырды.
- «Мобильді педагог» жобасының мақсаты әріптестерімізге әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Біз педагогтарды көркемдік, техникалық, эстетикалық және әлеуметтік бағыттар бойынша жаңа формалар, технологиялар бойынша оқытамыз. Осы жоба шеңберінде жоспарланған іс-шаралар алдағы уақытта да іске асырылатын болады, - деді Аксана Фрик.