Театр - өмір айнасы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Театр - зеркало жизни Театр - зеркало жизни
Театр - зеркало жизни Театр - зеркало жизни

27 қараша күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының актерлерімен кездесу өтті.

Театр - зеркало жизни Театр - зеркало жизни 

Театр - зеркало жизни Театр - зеркало жизни

Театр саласындағы жетістіктері туралы актер Дастан Бекнұр Дастанұлы мен ҚР Мәдениет үздігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты актриса Айсұлу Ахметбекқызы Балтабаева айтып берді.
Кездесуді  Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова "Төрт тоқсан төрт өнер" ұлттық мәдени-ағарту жобасы мен "Табысқа апарар жол" жобасы аясында өткізді. Іс-шара Оқушылар сарайының "Еркемай" домбыра ұжымының "Күмбірле домбыра" әнімен басталды.
Шараға дарынды балаларға арналған Абай атындағы облыстық гимназияның "Самға" театрының тәрбиеленушілері мен жетекшісі Бахаргүл Тұрсынқызы Құрбанова,  Аққулы ауданы А.Баймұлдин атындағы орта мектебінің «Жас өрендер» театрының тәрбиеленушілері жетекшілері Байшүкірова Райгүл және Қайсенова Диана Қайратқызымен бірге келді, сондай-ақ Оқушылар сарайының "Амплуа" театр студиясы және "Қаламгер" студиясының тәрбиеленушілері қатысты.
Қонақтар жас театр сүйер қауымға театр мамандықтарының ерекшеліктері, театр тарихы және театр жоғары оқу орындарында одан әрі білім алу мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Ж.Аймауытов атындағы театр әртістерінің көрсеткен сахна өнері бойынша шеберлік сыныбы балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Әртістер музыкалық сүйемелдеусіз түрлі бейнелерді, жанрларды көрсетті. Балалар тек қарап қана қоймай, сахна ісінде де машықтанды. Әсіресе, актриса Айсұлу Балтабаеваның актерлік шеберлік және сахна тілі мен сахналық қозғалыс жаттығулары бойынша өткен шеберлік сабағы балалардың есінде ерекше қалды.
Аққулы ауданының "Жас өрендер" балалар театрының ұжымы қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарындағы қарапайым халықтың жай-күйі туралы баяндайтын "Зұлмат заман" қойылымын көрсетті.
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы Облыстық гимназияның "Самға" театрының тәрбиеленушілері Нұркен Тұрлыбектің "Жас Абай, Абайдың қара сөзі" қойылымын көрсетті.
- Бүгінгі жастарды көріп бізде қуандық. Мақтандық, марқайдық. Осындай талантты, талпынысы жоғары жастардың барына, ізденісі бар жастардың барына біз өте қуаныштымыз, - деді Бекнұр Дастанұлы.
- Мұндай кездесулер балалардың жан – жақты дамуына, өз эмоцияларын, сезімдерін, жаңа адамдармен қарым-қатынасын білдіру қабілетін дамытуға көмектеседі. Балалардың театр өнеріне деген қызығушылығы артып келеді,- деп атап өтті Әсем Аипова.