![]() |
![]() |
«Жас Ұлан» облыстық штабы №1, №4, №7 арнайы мектеп-интернаттарының және өмірлік қиын жағдайда балаларды қолдау өңірлік орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Жаңа жылдық қысқы ойындар» атты таңғажайып қойылым өткізді.
Іс-шарада балалар ойын ойнап, би биледі, жаңа жылдық флешмоб өткізді, жұмбақтар шешті, қыс туралы өлеңдер айтып, тәтті сыйлықтар алды.
-Біз балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, балалардың жаңа жылдық мереке туралы түсінігін кеңейтуге, оларды қызықты ойындарға тартуға, жағымды көңіл-күй сыйлап, ерекше атмосфера құруға тырыстық. Осы сиқырлы шараға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз! Біз бірге балаларға қуаныш сыйладық, - деді әдіскер Мади Сейтбатталов.
«Жас Ұлан» облыстық штабының әдіскерлері Айжан Оразбаева мен Мәди Сейтбатталовқа осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.