![]() |
![]() |
2024 жылдың 12 наурызында М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының ұжымы аттестаттау ережелерінің жобасын талқылады.
Басшының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Елена Чидунчи облыстың қосымша білім беру ұйымдары үшін «Педагогтерді аттестаттауды өткізу ережелері мен шарттары» жобасымен таныстырды.
Отырыста қосымша білім беру педагогтерін аттестаттаудың жаңа ережелері, педагогтерді бағалау критерийлері, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері, білім алушылардың жетістіктері арқылы педагог қызметін объективті бағалау жүйесі түсіндірілді. «Ұстаз» электрондық платформасының жобасымен таныстырды.