![]() |
![]() |
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Family day» облыстық жобасы аясында «Менің отбасым – менің байлығым» атты байқау өтті. Аталмыш шараға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары және олардың ата-аналары қатысты.
Қатысушылар «Біздің отбасымыз: отбасылық дәстүрлер қоржыны» бөлімінде өз отбасыларының салт-дәстүрлерімен бөлісті. «Аспаздық құпиялар» бөлімінде қатысушылар атадан балаға тарап келе жатқан тағам түрлерінің дайындалу жолдарын көрсетіп, дәмді бәліштерін жасады. Қазақстан халықтарының отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге арналған отбасылық викторина «IQ қазан» бөлімінде болды.
-Қазақ халқы ата-бабаларынан мирас болып қалған әдет-ғұрыптарды қастерлейді. Бұл байқаудың мақсаты отбасындағы қарым-қатынастарды нығайту, балалар мен ата-аналардың уақыттарын бірге өткізу, отбасы ішіндегі дәстүрлерді қалыптастыру, - дейді жоба үйлестірушісі Бахыт Аралбаева.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Аққулы ауданы Жамбыл мектебінің оқушысы Болатхан Азамат иеленді. Павлодар қаласының «№7 арнайы мектеп-интернатының» оқушысы Амангелді Шарипбеков, Май ауданы Майтүбек мектебінің оқушысы Асанали Тоғамбеков, Успен ауданы М.Мәметова ат. мектептің оқушысы Қайролланың отбасы 1 орынға ие болды.
2 орынға «№7 арнайы мектеп-интернатының» оқушысы Рунара Абдулова, Екібастұз қаласы № 16 мектептің оқушысы Жамиля Бектен және Железин ауданының №2 мектебінің оқушысы Дильназ Камзина ие болды.
3 орынға Павлодар қ. № 4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Ақан Тілектес және Ертіс ауданы Абай мектебінің оқушылары Дильфуза Акмурзаева мен Жайна Макулбекова ие болды.