![]() |
![]() |
21 қазан күні Павлодар қаласындағы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Бұл іс-шараға қала мектептерінен 100-ден аса озат оқушы қатысып, олар ресми түрде ұйымға қабылданды.
Мерекелік шараның құрметті қонағы ретінде «Аталар – ардагерлер, немерелер – іззерттегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Аралбаева болды. Сонымен қатар, салтанатты жиынға облыстық «Жас Ұлан» штабының белсенділері де қатысып, балаларға көк галстуктерді салтанатты түрде табыстады.
-Мен өз Отаныма қызмет етемін, сабағымды жақсы оқимын, үлкендерді құрметтеймін, табиғатты қорғаймын, - деп ант берді № 7 ЖОББМ-нің оқушысы Әмір Рахым.
-«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдары арқылы біз жас ұрпақты өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелейміз, мәдениеттілік пен төзімділікті, бітімгершілік дәстүрлерін қалыптастырамыз, – деді Павлодар облыстық «Жас Ұлан» ұйымының аймақтық хатшысы Айжан Оразбаева.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, олардың патриоттық рухын дамытуға үлкен ықпал ететіні сөзсіз.