![]() |
14 қараша күні «Аталар-ардагерлер, немерелер-із зерттегіштер» мұражайында Ұлы Отан соғысының батыры Махмет Қайырбаевтың ұлы М.М. Қайырбаевпен кездесу өтті.
Шараға Торайғыров университетінің әскери кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты. Қатысушылар мұражайды аралап, ардагерлердің ерліктері мен тарихи жадыны сақтаудағы рөлімен танысты.
М.М. Қайырбаев әкесінің жауынгерлік жолы мен оның еңбектері туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Махмет Қайырбаевтың өмірі мен өңірді дамытудағы үлесіне арналған кітаптар таныстырылды.
Бұл шара патриотизмді нығайтуға, тарихи жадыны сақтауға және Отан қорғаушылардың ерліктеріне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.