![]() |
![]() |
2024 жылдың 12 желтоқсанында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тыйым сөздер – тәрбие көзі» атты облыстық байқау өтті.
Іс-шараға облыс мектептерінен жиналған дарынды оқушылар қатысты. Байқауға қатысушылар тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін сахналық көріністер, шығармашылық жұмыстар және зерттеулер арқылы танытты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға үлкен үлес қосып, оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа және жауапкершілікке баулиды. Бұл байқау жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрді дәріптеуге ерекше серпін берді.
Ұлттық тәрбие – ел болашағы!
Бас жүлде:
«Қаратерек жалпы орта білім беру мектебі» КММ, Май ауданы – Орынтай Ақмарал, Майманова Мирель, Марат Ақниет.
1 орын:
«Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия» КММ, Павлодар қаласы – Сақтаған Нұрай, Балтабай Аиша, Қуаныш Дана.
2 орын:
№33 ЖОББМ КММ, Екібастұз қаласы – Кайрислам Аңсар, Төлеш Перизат, Бақытбек Ақлима.
«Қарақұдық ЖОББМ» КММ, Ертіс ауданы – Акишева Зарема, Жұматай Жансая, Оспанова Арайлым.
3 орын:
Абай атындағы ЖОББ мектебі, Ақсу қаласы – Мүдәріс Кәусар, Уахитова Назерке, Айнабек Гүлназ.
Алексеевка ЖОББМ, Шарбақты ауданы – Балтабаева Дана, Бозжігітова Дильназ, Насибулина Зулайхо.