![]() |
![]() |
12 қазан күні Оқушылар сарайында «Кәусар бұлақ» аталар және әжелер мектебі мен «Ғибрат» даналық мектебінің қатысуымен «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Бұл тамаша кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау арқылы олардың бойына имандылық, инабаттылық, әдептілік сынды қасиеттерді дарыту.
Іс-шара барысында Ахметов Қайыржан ата қамшының терең мән-мағынасын ашып, оның тек қару немесе құрал ғана емес, қазақ халқының мәдениетінде ерекше рөл атқаратын тәрбиелік мәні бар құндылық екенін түсіндірді. Ал Сұнғатова Ғалия Балтабаевна қыздардың ұлттық тақиясының маңыздылығы туралы баяндама жасап, оның қазақ қызының нәзіктігі мен тәрбиесін көрсететін рухани белгі екенін атап өтті.
Осындай кездесулер ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, ұрпақ сабақтастығын нығайтудың маңызды құралы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара жастарға халқымыздың бай мұрасын тереңірек танып-білуге, өз болмысын бағалауға мүмкіндік берді.